Мемлекет басшысының төрағалығымен Жоғары еуразиялық экономикалық кеңес отырысы өтті

Мемлекет басшысының төрағалығымен Жоғары еуразиялық экономикалық кеңес отырысы өтті

Мемлекет басшысының төрағалығымен Жоғары еуразиялық экономикалық кеңес отырысы өтті
ашық дереккөзі
733
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды 24.kz. Отырыста Жоғары еуразиялық экономикалық кеңестің Құрметті төрағасы, Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путин, Беларусь Республикасының Президенті Александр Лукашенко, Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров, Армения Республикасы Премьер-министрінің міндетін атқарушы Никол Пашинян, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы Михаил Мясникович сөз сөйледі. Сондай-ақ Куба Республикасының Президенті Мигель Диас-Канель және Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёев Жоғары еуразиялық экономикалық кеңес жанындағы бақылаушы-мемлекет басшылары ретінде қатысты.

Серіктес жаңалықтары