Шенеунік ұшақ бортында жағдайы нашарлаған студентке жедел көмек көрсеткен

Шенеунік ұшақ бортында жағдайы нашарлаған студентке жедел көмек көрсеткен

Шенеунік ұшақ бортында жағдайы нашарлаған студентке жедел көмек көрсеткен
ашық дереккөзі
452
ШҚО денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы, ал қазір Шығыс Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары Ілияс Мұхамеджан ұшақ бортында ауырып қалған студентке көмек көрсеткені туралы өзінің Facebook парақшасында жазды, деп хабарлайды Sputnik. Шенеуніктің айтуынша, ол дәрігер іздеп дүрліккен стюардессалардың әбігерінен оянып кеткен.
"Жан-жағыма қарадым. Дәрігер бар ма дегенге ешкім жауап қатқан жоқ. Басқа дәрігер жоқ", — деп жазады ол Facebook-те. Қан қысымы 90/60, пульс - 111, температура - 38.8. Анамнез: кеше "Спутник-V" вакцинасының екінші компонентін алған. Ұшудан екі сағат бұрын қалтырау, әлсіздік байқалған. Қорытынды: вакцина алғаннан кейінгі симптом, гипертермия. Шұғыл қонуға қажеттілік жоқ", - деп қорытындылады Ілияс Мұхамеджан.
Көмек алғаннан кейін жігіт жеңілдеп, қорқыныш пен дүрбелең басылған. Ұшақ қонған бойда жігітті жедел жәрдем қызметкерлері алып кетті. Шенеунік сонымен қатар вакцина алғандар денсаулығын бақылап, температура мен әлсіздік болса, сапарға шықпауы керек екенін еске салды.

Серіктес жаңалықтары