221
Мемлекет басшысы академик Аманжол Қошановтың жақындарына көңіл айтты
Мемлекет басшысы академик Аманжол Қошановтың жақындарына көңіл айтты
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев аса көрнекті ғалым, академик Аманжол Қошановтың отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Мемлекет басшысы аса көрнекті ғалым, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, экономика ғылымдарының докторы, профессор, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Аманжол Қошанұлы Қошановтың дүниеден өтуіне байланысты марқұмның отбасы мен жақын туыстарына көңіл айтып, жеделхат жолдады.
– Аманжол Қошанұлы ұзақ жыл табысты еңбек етіп, бар күш-жігерін отандық ғылымды дамытуға арнады. Нарық қатынасына көшу кезеңінде іргелі реформаларды жүзеге асырудың тиімді жолдарын терең зерттеді. Білікті мамандар даярлау ісіне де өз үлесін қосты. Игі қызметімен ел-жұрт алдында құрметке бөленіп, соңына өшпес із, ғылыми мол мұра қалдырған Аманжол Қошанұлының есімін халқымыз әрдайым ардақ тұтады, – делінген жеделхатта.