Президент тапсырмасы орындалды: Тоқтаусыз несие беруге тосқауыл қойылды

Президент тапсырмасы орындалды: Тоқтаусыз несие беруге тосқауыл қойылды

Президент тапсырмасы орындалды: Тоқтаусыз несие беруге тосқауыл қойылды
ашық дереккөзі
324
Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында Мемлекет басшысының тоқтаусыз несие беруге тосқауыл қою тапсырмасының орындалғанын жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылы жария еткен «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: Іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында: «Тұтынушыларға тоқтаусыз, тіпті жауапсыз несие беруге нормативтік тұрғыдан тосқауыл қою керек. Оның айтарлықтай әлеуметтік зардабы болуы мүмкін. Азаматтардың қаржылық сауатының төмендігі оларға түрлі несиені жөн-жосықсыз тықпалауға себеп болмауы керек», - деп атап өткен болатын.
Енді Президент тапсырмасы бойынша азаматтардың кепілсіз тұтынушылық қарыздары мен микрокретиттері бойынша төлеу мерзімінен 90 күн өткеннен кейін айыппұл мен комиссиялар есептеуге тыйым салынды. Тұтынушыларға тоқтаусыз кредит беруге тосқауыл қою үшін банктердің меншікті капиталының жеткіліктілігіне қатысты нормативтер екі есе күшейтілді. Қарыз алушылардың борыш жүктемесінің коэффициентін есептеу талап етілетін болады. Кредит бойынша ай сайынғы төлемдер қарыз алушы табысының 50 пайызы деңгейімен шектеледі. Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен азаматтарға ниесе беруге тыйым салынды.  

Серіктес жаңалықтары