Атырауда тазартылған қант шығаратын зауыт ашылды

Атырауда тазартылған қант шығаратын зауыт ашылды

Атырауда тазартылған қант шығаратын зауыт ашылды
ашық дереккөзі
420
Атырау облысында тазартылған қант шығаратын цех жұмыс істей бастады. Бұл туралы Атырау облысы Кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасынан хабарлады. Мәлім етілгендей, цехті ашу үшін "Группа компаний Береке" кәсіпорны мемлекеттен 43 миллион теңге субсидия алған. Айта кетейік, мұндай зауыт Атырау облысында алғаш іске қосылып отыр. - Істі бастамас бұрын көп ойландық, алды-артамызға қарап, нарықты зерттеп көрдік, - дейді кәсіпорын басшысы Әсет Тұяқбаев. - Себебі, бұл оңай шаруа емес, аймақта дәл мұндай зауыт бұрын болмаған. Жұмысты бастауға бел буып, мемлекеттен көмек сұрадық. Субсидияны "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасымен алдық. Сонымен қатар, "Даму" қоры 21 миллион 500 мың теңгеге кепілдік берді. Қазір цехта 4 адам жұмыс істеп жатыр. Өнім көлемін көбейту жоспарда бар. Кәсіпкердің айтуынша, болашақта қант қызылшасын өңдеуді қолға алу жоспарлануда. Айта кетелік, 2016 жылы Атырау облысында "Бизнестің жол картасы - 2020" бағдарламасын іске асыру үшін 2,5 миллиард теңге бөлініп, 118 жобаға қолдау көрсетілді. Нәтижесінде 500 жұмыс орны ашылады деп жоспарлануда.  

Серіктес жаңалықтары