Қостанай облысында тағы бір ауыл ауыз сумен қамтамасыз етілді

Қостанай облысында тағы бір ауыл ауыз сумен қамтамасыз етілді

Қостанай облысында тағы бір ауыл ауыз сумен қамтамасыз етілді
ашық дереккөзі
658
Қостанай облысының әкімі Архимед Мұхамбетов жұмыс сапарымен Сарыкөл ауданына барды, деп хабарлайды "ҚазАқпарат"ХАА. Сапарда әкім Сорочинка ауылындағы су тарату желісінің Лихачев топтық су құбырына қосылуымен танысты. Жоба өткен жылы 320 млн.теңге сомасына іске асырылды. Сорочинка ауылының тұрғындары ауыз сумен толық қамтамасыз етілді.  width=
"Өңір басшысы Сарыкөл кентіндегі балалар-жасөспірімдер спорт мектебіне барды. Онда 2020 жылы жалпы сомасы 31 млн теңгеге жөндеу жүргізілді. Одан кейін Комсомол жалпы білім беретін мектебіне барып, өткен жылы 72,8 млн теңгеге жасалған күрделі жөндеу жұмыстарын қарап шықты, - деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. — Өткен жылы Сарыкөл ауданында 1 003 300,8 теңге сомасына 11 жоба іске асырылды".
Архимед Мұхамбетов Сарыкөл ауылындағы "Мелитопольское" ЖШС және Комсомольское ауылындағы "КазПроИнвест" ЖШС алқаптарын қарап шықты, сондай-ақ аудандағы егіс науқанының барысын тексерді. Сапар қорытындысы бойынша жергілікті билікке ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын сол қарқынмен жалғастыру тапсырылды.

Серіктес жаңалықтары