723
Еліміздің үш аймағында аптап ыстық болады
Еліміздің үш аймағында аптап ыстық болады
Елімізде солтүстік-батыс антициклонының ықпалынан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.
Тек солтүстік, орталық және оңтүстік-шығыс аймақтарда атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен кей жерлерде аздаған жаңбыр жауып, күн күркірейді. Республика бойынша кей жерлерде желдің күшеюі, оңтүстік және оңтүстік-батыста шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысында күндіз 15-20 м/с жел тұрады, екпіні 25 м/с, Қызылорда облысында түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м / с жел тұрады, кей жерлерде шаңды дауыл тұрады. Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл, күндіз Түркістан облыстарында екпіні 23-28 м/с, Түркістан, күндіз Маңғыстау облыстарында шаңды дауыл тұрады. Күндіз Ақмола, Павлодар облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Павлодар облысында найзағай күтіледі. Күндіз Алматы облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Күндіз Қостанай, Атырау облыстарының кей жерлерінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде қатты ыстық күтіледі. Қызылорда облысының басым бөлігінде, Алматы облысының жекелеген ауданында өрт қаупі сақталады.