Түркістан депутаттары 300-ден астам отбасыға азық-түлік үлестірді

Түркістан депутаттары 300-ден астам отбасыға азық-түлік үлестірді

Түркістан депутаттары 300-ден астам отбасыға азық-түлік үлестірді
ашық дереккөзі
300
Қасиетті Рамазан айында Түркістан облысы,  Сарыағаш ауданында игі іс атқарылды.  «30 ізгі іс» акциясы аясында Түркістан облыстық мәслихатының депутаты, «Nur Otan» партиясының мүшесі Жомарт Әбдібаев Сарыағаш ауданы аумағындағы мүмкіндігі шектеулі мүшелері бар, жалғызбасты, көпбалалы және тұрмысы төмен 100 отбасына азық-түлік себеттерін үлестірді. Бұл туралы «Nur Otan»  партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі хабарлады. Түркістан облыстық мәслихатының депутаты Ерлан Нұрмахановтың демеушілігімен  Бәйдібек ауданы,  Жолғабас елді мекеніндегі  70 отбасына азық-түлік себеті үлестірілді. «Nur Otan» партиясының аудан, қалалардағы фракциясының мүшелері де игі істі белсенді атқарып жатыр. Қадір түні қарсаңында Түркістан қалалық мәслихатының депутаты Ғаппар Амантайұлы өз отбасының атынан облыс орталығындағы әлеуметтік жағдайы төмен 50 отбасына азық-түлік таратты. Бұл – Сарсенбаевтар отбасының жыл сайын жасайтын қайырымды ісі. Арыс қалалық мәслихатының депутаты Қайрат Ахметов әлеуметтік жағдайы төмен  20 отбасына қажетті азық-түлік пен тұрмысқа қажетті заттар табыстады. Сайрам ауданында «Ақсукент» бастауыш партия ұйымының үйлестіруімен, аудандық мәслихат депутаттарының қолдауымен 15 отбасына азық-түлік себеттері тапсырылды. Жетісай аудандық ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ басшысы Нұрлыбек Мутаев пен Жетісай аудандық мәслихаты аппаратының басшысы Бақберген Абсеновтің ұйымдастыруымен қайырымдылық іс-шарасы өтті. Оған Жетісай аудандық мәслихатының хатшысы Әлихан Утанов бастаған аудандық мәслихаттағы «Nur Otan»  фракциясының мүшелері – Рустем Наматуллаев, Жұмағали Төрекұл, Айбек Сұлтанмұрат, Қахарбай Исаев, Алладин Мырзаханов пен Берік Байымбетовтер атсалысты. Нәтижесінде Атамекен, Жылы су, Қызылқұм ауылдық округтерімен қатар Асықата кенті мен Жетісай қаласындағы аз қамтамасыз етілген, көпбалалы және мүмкіндігі шектеулі жандары бар 50-ге тарта отбасына азық-түлік себеттері тарту етілді. Еске сала кетейік, Түркістан облысында «Nur Otan» партиясынан облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттарына 263 депутат сайланған. Олардың 37-сі - облыстық мәслихат депутаттары. Жыл басынан Түркістан облысында барлық деңгейдегі мәслихат депутаттары 592 жеке қабылдау өткізіп, тұрғындардың 1600 өтінішін қарады.  

Серіктес жаңалықтары