343
Жамбыл облысында жоғалған әйелді іздеу кезінде іс-түссіз кеткен құтқарушының денесі табылды
Жамбыл облысында жоғалған әйелді іздеу кезінде іс-түссіз кеткен құтқарушының денесі табылды
Жамбыл облысы Шу ауданында сүңгуір қызметтік міндетін орындау кезінде қаза тапты, деп хабарлайды zakon.kz.
Жоғалған әйелді 3 сәуірден бастап Тасөткел су қоймасынан іздеу жұмыстары жүргізілген болатын. Іздеу жұмыстары кезінде қатты желден қайық аударылып кетіп, Жамбыл облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының бас құтқарушысы Жұмағали Әбдірахманов суға құлаған болатын.
Іздестіру-құтқару жұмыстары дереу басталып, 35 күн бойы жүргізілді.
10 мамырда сағат 12:20-да Шу ауданы Тасөткел ауылынан 3 км жердегі Тасөткел су қоймасы маңындағы қамыс арасынан бас құтқарушы Ж.Ж. Әбдірахмановтың денесі табылды.
Әбдірахманов Жұмағали азаматтық қорғау органдарында 2001 жылдың наурыз айынан бастап қызмет атқарған. Үйленген, екі бала тәрбиелеген.