11 мамыр қандай елеулі оқиғалармен есте қалды?

11 мамыр қандай елеулі оқиғалармен есте қалды?

11 мамыр қандай елеулі оқиғалармен есте қалды?
ашық дереккөзі
285
1996 жылы Иран Ислам Республикасы мен Қазақстан Республикасының Президенттері екі ел арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту және тереңдету туралы бірлескен декларацияға, Каспий теңізінің мәселелері бойынша бірлескен мәлімдемеге қол қойды. 2001 жылы Астана қаласында Кенесары ханның ескерткіші ашылды. Ескерткіш авторы мүсінші Нұрлан Далбай. 2006 жылы К.Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының Ержан Дәуітов жетекшілік ететін камералық хоры мамырдың 11-і мен 14-і аралығында Польшаның Белосток қаласында өткен Шіркеу музыкасының XXV халықаралық фестивалінде бірінші орын алды. 2007 жылы Мұхтар Әуезовтың мұражай үйінде халықаралық құқықтанушы Рейн Мюллерсонның Орталық Азия атты кітабының таныстырылымы болып өтті. Кітапта автордың Орталық Азиядағы БҰҰ-ның аймақтық кеңесшісі ретінде қызмет еткен кездегі Ортаазиялық танымал саясаткерлерімен жеке кездесулері туралы материалдар және қарапайым халықтың тіршіліктері жөніндегі көзқарастары жиналған. 2007 жылы Алматы қаласының жұмылдыру дайындығы, азаматтық қорғаныс, авариялар мен дүлей апаттардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру департаментінің басшысы Бауыржан Ысқақов Ресейдің 2-ші дәрежелі Қасиетті князь Александр Невский орденімен марапатталды. Бауыржан Бейсенұлына бұл орден өз ісіне мінсіз қызметі, адал еңбегі және ұлттық қауіпсіздік мәселелерін шешудің үлгісі мен әдістемелерін жетілдіруге қосқан жеке үлесі үшін беріліп отыр. Мәртебелі награданы оған Ресей ұлттық қауіпсіздік академиясының өкілдері Алматыда табыс етті. 2007 жылы Алматы облысындағы Балпық би кентінде керамзит кiрпiштерi мен блоктарды шығаратын республикадағы бірінші зауыттың ашылу рәсімі өтті.

Серіктес жаңалықтары