252
Румыния билігі әйгілі Дракула қамалында вакцина егу орталығын ашты
Румыния билігі әйгілі Дракула қамалында вакцина егу орталығын ашты
Трансильваниядағы Дракула қамалында вакцина егу орталығы құрылды, деп хабарлайды BBC News сайты.
Дәрігерлер XIV ғасырда салынған қамалға саяхаттап келгендерге Pfizer BioNTech препаратын алуды ұсынады. Қамалдағы вакцина пунктінде егілгендерге арнайы "Бран қамалында вакцина алғанын растайтын диплом” және ортағасырлық азаптау құралдарының көрмесіне тегін билет беріледі.
Пандемия басталғаннан бері Румынияда миллионнан астам вирус жұқтырып, 29 000-ға жуық адам қайтыс болған.
Ел үкіметі қыркүйек айына дейін 10 миллион адамға вакцина салуды көздегенін мәлімдеді, бірақ румындардың жартысына жуығы вакцина салдыруға ниетті емес, - деп хабарлайды Globesec, өзлері жүргізген сауалнама нәтижелеріне сүйене отырып.