жексенбі, 20 сәуір, 2025

Павлодарда өрттен үш ересек адам мен бір бала қаза тапты

/
Павлодарда өрттен үш ересек адам мен бір бала қаза тапты
ашық дереккөзі
Павлодарда өрттен үш ересек адам мен бір бала қаза тапты Өрт 10 қабатты тұрғын үйде болған. Оқиға орнынан 4 адамның денесі табылды, - деп хабарлайды NewTimes.kz Павлодар облысының ТЖД сілтеме жасап.
"10 қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатында 56 шаршы метр аумақ өртенді, сағат 21.30-да өрт ауыздықталды", - деп атап өтті Павлодар облысы ТЖД бастығының орынбасары подполковник Мейрамбек Батырқұлов.
Өрт сөндіруге 28 адам мен 8 техника қатысқан. Қазір өрттің неден тұтанғанын және қаза тапқандардың кім екенін анықтау жұмыстары жүріп жатыр.
Бөлісу: