2020 жылы Жер температурасы 3 млн жылдағы жоғары көрсеткішке жетті

2020 жылы Жер температурасы 3 млн жылдағы жоғары көрсеткішке жетті

2020 жылы Жер температурасы 3 млн жылдағы жоғары көрсеткішке жетті
ашық дереккөзі
1070
БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш 2020 жылы Жердің температурасы соңғы үш миллион жылдағы ең жоғары рекордты көрсеткішке жеткенін мәлімдеді. Парниктік газ шығарындыларын азайтуды жауапкершілігіне алған елдердің әрекеті де планетамызды климаттық апаттан сақтап қала алмауы мүмкін,  «адамзат құрдымға кетудің алдында тұр» дейді БҰҰ Бас хатшысы. «Қазіргі қалыптасқан міндеттемелерге сәйкес біз әлі бұрынғыдай ХХІ ғасыр соңына қарай ауа температурасының 2,4 градусқа апттық көтерілуіне келе жатырмыз. Адамзат құрып кетудің аз-ақ алдында тұр», – деді ол. «Бірақ пандемиядан соң бірлесе жұмыс істесек,  климаттың тұрақсыздануының ең нашар деген салдарының алдын алып, қалпына келтіре аламыз», – деп санайды Гутерриш. Бас хатшы сондай-ақ халықаралық несие агенттіктерін қазбалы отын бойынша ірі жобаларды қаржыландыруды тоқтатуға шақырды.

Серіктес жаңалықтары