БҰҰ Бас хатшысы коронавирусқа қарсы вакцина салдырды

БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш коронавирус инфекциясына қарсы вакцина салдырғанын айтты. 

Бейсенбі күні ол өзінің Twitter-дегі парақшасында: «COVID-19 вакцинасының алғашқы дозасын алғаныма қуаныштымын», – деп жазды.

Сондай-ақ Бас хатшы коронавирус вакцинасын «бүкіл жерде баршаға қолжетімді етуге» шақырды, өйткені ол «пандемия кезінде барлығымыз ортақ қауіпсіздік жағдайында болмай әрбір адам өзін қауіпсіз сезіне алмайды» деп атап өтті.

Десе де, Гутерриш қандай препарат қолданғанын айтпады.

Back to top button