185
Тереза Мэй Британияның ЕО-дан шығу мерзімін жариялады
Тереза Мэй Британияның ЕО-дан шығу мерзімін жариялады
Ұлыбританияның премьер-министрі Тереза Мэй 2017 жылдың наурыз айының соңында Еуропалық Одақтан шығу процесін бастаймыз деп мәлімдеді. 2 қазанда Би-би-сиге берген сұхбатында Мэй Лиссабон келісімінің 50-бабына сәйкес наурыз айының аяғы одақтан шығу процесін бастаудың соңғы мерзімі деп атап өтті.
Келісімге сәйкес Еуропалық Одақтың 28 мемлекет-мүшесі одақтан шыққысы келсе, ЕО-мен екі жыл бойында келіссөз процесін жүргізеді.
Лиссабон келісімі 2007 жылдың 13 желтоқсанында ЕО саммитінде бекітілген. Ол ЕО Конституциясының орнын алмастырады. Әрі сол кездегі Еуропалық Одақ жөніндегі келісімге одақты басқаруды реформалау жөнінде өзгерістер енгізілген.
Италияның премьер-министрі Маттео Ренци бейсенбі күні Би-би-сиге берген сұхбатында "брекзит" келіссөзіне сәйкес ЕО-дан тысқары елдің азаматтарына қарағанда британдықтықтарға көп құқық берілгендіктен келісімдерді аяқтай алмай отырғандықтарын айтқан болатын. Бұл жөнінде Ұлыбританияға ЕО елдерінің лидерлері мен шенеуніктері де кезінде ескерткен.
Осының алдында Ұлыбританияның премьер-министрі Тереза Мэй "1972 жылғы Еуропалық қауымдастық жөніндегі" заңның күшін жоямын деп уәде берген. Бұл заңға сәйкес, Ұлыбритания аумағында Еуропалық одақ заңдарының күші жоғары болатыны айтылған.