Жоғалып кеткен кәсіпкер өлі күйде өзеннен табылды

Жоғалып кеткен кәсіпкер өлі күйде өзеннен табылды

Жоғалып кеткен кәсіпкер өлі күйде өзеннен табылды
ашық дереккөзі
1150
Қарағанды облысында жоғалып кеткен кәсіпкер Нұрлан Сүлейменов өлі күйде табылды, - деп хабарлайды ҚазТАГ.
"5 мамырда Қарағанды облысы ТЖ сүңгуірлері мен учаскелік полиция инспекторлары іздестіру жұмыстарын жүргізу кезінде Нұра өзенінен Нұра ауданы Тассуат ауылының 63 жастағы тұрғынының мәйітін тапты. Туыстары танып, растады", - деді Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Оқиғаға қатысты тиісті сараптамалар тағайындалды.
"Өзен арнасы бойынша іздеу жұмыстарына судың деңгейі, күрделі рельеф, шұңқырлар, су астының толық көрінбеуі, өсімдіктердің көп болуы кедергі келтірді. Соған қарамастан, құтқарушылар үмітін үзбей бірнеше рет сол жерлерді тексеріп, іздеу жұмыстарын жүргізді. Қаза тапқан адам көлік табылған аумақтан төрт шақырым қашықтықтағы жерден табылды", - деп нақтылады ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.
Еске сала кетейік, бизнесмен Нұрлан Сүлейменов 8-9 сәуірге қараған түні хабар-ошарсыз кеткен болатын.

Серіктес жаңалықтары