6 мамыр: Есте қалған елеулі оқиғалар

6 мамыр: Есте қалған елеулі оқиғалар

6 мамыр: Есте қалған елеулі оқиғалар
ашық дереккөзі
402
1992 жылы Қазақстан Республикасы мен Дания Корольдігі арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнату туралы Хаттамаға қол қойылды. 1993 жылы Алматыда Республикалық кино үйінде 1991-1993 жылдары жасалған фильмдердің байқауы өтті. Байқаудың қорытындысында Гран-при жүлдесі «Отырардың күйреуі» (режиссері А.Әмірқұлов) және «Сұржекей» (режиссері Д.Манабаев) фильмдеріне берілді. 1995 жылы 6-8 мамыр аралығында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев Лондонда, Парижде және Мәскеуде өткен Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 50 жылдық мерейтойына арналған салтанатты рәсімдерге қатысты. Елбасы мерекелік шараларға қатысу барысында Эдинбург және Уэльсский ханзадаларымен, Ұлыбританияның Премьер-министрі Дж.Мейджормен, Франция Президенті Ж.Ширакпен, Германияның федеральды канцлері Г.Кольмен, АҚШ-тың вице-президенті А.Гормен, Иордания королі Хусейнмен және басқа да мемлекеттердің басшыларымен кездесулер өткізді. 1996 жылы 1960 жылғы 20 қыркүйекте С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті құрылды. Институт бұрынғы 24-ші әскери училищенің екі казарма және 10 бір қабатты барақтарында орналасқан. Ондағы машина жасау, инженерлік-құрылыс және энергетикалық факультеттерде 400 студент білім алған. Сабақтарды арасында біреуі ғана доцент ғылыми атағына ие болған 16 оқытушы жүргізген. Бүгінде университет - жоғары кәсіби зияткерлік ғылыми-педагогикалық әлеуетке ие көпсалалы жоғары білім ордасы. ЖОО-да 63-тен астам мамандық бойынша білім алып жүрген 22000-ға жуық студент бар. Оларды 20 профессор, 40 ғылым докторы және 177 ғылым кандидаты, 104 доценттен құралған оқытушылар құрамы даярлап жатыр. 1998 жылы Президент Жарлығымен Қазақстан Республикасының астанасы - Ақмола қаласының атауы Астана қаласы болып өзгеріп, «Сарыарқа» және «Алматы» аудандары құрылды. 2003 жылы Астанада ҚР Президенті Н.Назарбаевтың қатысуымен «Думан» ойын-сауық кешенінің ашылу салтанаты өтті. 2003 жылы Астанада «Халықтар достығы» ескерткіші ашылды. Авторы - Сәкен Нарынов. 2006 жылы Ақмола облысының Степногорск қаласында аймақтық қоғамдық-саяси «Степногорск ақшамы» газетінің алғашқы саны жарық көрді. 2009 жылы Алматыда «Спира-Берга» ЖШС-ның жаңа полиэтилен тұрбалар зауыты іске қосылды. «Спира-Берга» зауыты - қазіргі заманғы сумен жабдықтау, канализация және кабельді қорғайтын жүйелерге арналған полиэтилен тұрбаларының жоғары сапалы өндiрiсін оңтайландырған Қазақстан аумағындағы алғашқы кәсiпорындардың бiрi. Өнiм Cincinnati, Corma және Jweel сынды дүниежүзілік өндiрушiлердің жабдығында шығарылады. 2010 жылы Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ғимаратында Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында Германия және Австрия аумағында қаза тапқан қазақстандықтарға арналған Естелік кітабының тұсаукесері өтті. 2010 жылы Алматы қаласындағы Достық даңғылында орналасқан үйде кеңес офицері, Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері, «Халық Қаһарманы», Рейхстагқа ту тіккен Рақымжан Қошқарбаевқа арналған мемориалдық тақта салтанатты түрде ашылды. 2010 жылы Алматының Шаңырақ-2 шағынауданында Алатау ауданы әкімінің аппараты ғимаратының алдында Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне арналған ескерткіш ашылды. 2011 жылы елордалық «Жастар» сарайында «Бүкіл әлемнің көшпендісі» атты деректі фильмнің тұсаукесерлік көрсетілімі өтті. Ол Талғат Мұсабаевтың жердегі және ғарыштағы өмірі туралы баяндалады. 2013 жылы Қостанайда ашық аспан астындағы әскери техника мұражайы ашылды. Жеңіс саябағының қасында орналасқан оған ниет білдірген кез келген адам кіре алады. Мұраждайда Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі ғана емес, Азаматтық соғыста қолданылған аңызға айналған әскери техника макеттері ұсынылды. Олардың арасында Т-34, Т-62 танктері, «Катюша» артиллериялық қондырғысы, броневик, гаубица бар. 2013 жылы «Түрікменстан-Өзбекстан-Қазақстан-Қытай» газ құбыры ғасыр жобасы аталды. «Түрікменстан-Өзбекстан-Қазақстан-Қытай» газ құбырының жалпы ұзындығы шамамен 7 мың шақырымды құрайды. Бұл ретте Түрікменстан аумағы бойынша 188 шақырым, Өзбекстанда - 525 шақырым, Қазақстанда - 1293 шақырым, Қытайда 4860 шақырымнан астам құбыр салынды. 2013 жылы Астанада «Түрікменстанның дәрілік өсімдіктері» атты энциклопедия кітабының қазақ тілінде шыққан 2 томының тұсаукесері өтті. Оның авторы - достас елдің президенті Гурбангулы Бердімұхамедов. 2013 жылы Бакуде Әзербайжан мемлекеттік академиялық опера және балет театры опера өнерін сүюшілерге тамаша сыйлық - Қазақстанның жетекші композиторларының бірі Еркеғали Рахмадиевтің «Алпамыс» операсының қойылымын ұсынды. 2014 жылы Астана қаласының Орталық коммуникациялар қызметінде «NOMADS» алғашқы қазақстандық браузерлік ойыны таныстырылды.

Серіктес жаңалықтары