Жер шетелдіктерге сатылмайды. Мәжіліс мақұлдады

Жер шетелдіктерге сатылмайды. Мәжіліс мақұлдады

Жер шетелдіктерге сатылмайды. Мәжіліс мақұлдады
ашық дереккөзі
335
Мәжіліс «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жер қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заң жобасына ҚР Парламентінің Сенаты енгізген өзгерістермен және толықтырулармен келісті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Сенат ұсынған өзгеріс пен толықтыру шетелдік жер пайдаланушылардың және шетелдік қатысуы бар заңды тұлғалардың, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін жекеменшік және жер пайдалану құқығымен қандастардың иеленуіне тыйым салуды енгізуді көздейтін заң жобасының Мәжіліс мақұлдаған тұжырымдамасын бұзбайды, - дейді депутат Берік Оспанов.
Сенат Жер кодексінің 48-бабының 2-тармағына өзгеріс және 128-бабы 4-тармағының бірінші абзацына толықтыру енгізген болатын. Яғни жеке орман өсіру үшін жер учаскелерін тек Қазақстан азаматтарына және шетелдік үлесі жоқ заңды тұлғаларға беру туралы тиісті өзгеріспен толықтырылды. Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровтың айтуынша, бүгінде 74,4 мың гектар ауыл шаруашылығы жерін шетелдік қатысуы бар 7 кәсіпорын, 18,5 мың гектар жерді екі шетелдік заңды тұлға жалға алып отыр.

Серіктес жаңалықтары