жексенбі, 20 сәуір, 2025

Екі қалада жол ақысы қымбаттады

/
Екі қалада жол ақысы қымбаттады
ашық дереккөзі
Екі қалада жол ақысы қымбаттады Таразда қоғамдық көліктерде жол жүру құны 20 теңгеге қымбаттады. Жол ақысы картамен төлеген кезде 85 теңге, ал қолма-қол төлесеңіз — 130 теңге. Бұған дейін жол жүру құны 65 теңге болатын, деп хабарлайды КТК телеарнасы.  №1 автопарк жүргізушісі Бақытжан Керімовтің айтуынша, бағаның өсуі отын мен қосалқы бөлшектердің қымбаттауына байланысты.
"Бәрінің бағасы өсіп жатқанына көп уақыт болды: дизель отыны, қосалқы бөлшектер. Бұрынғы бағамен өзін-өзі өтемей алмайды, бағаны өсірмесе, жақын арада барлық автопарктер банкротқа ұшырайды", - деді ол.
Сонымен қатар, Ақтөбе автобустарында жол ақысы 80 теңгеден 150 теңгеге дейін өскен.
Бөлісу: