"Сарқырама маңына ескерту белгілері орнатылған. Ескерту лентасы да тартылған. Орманшылар дауыс күшейткіш арқылы қауіп туралы ескертеді. Соған қарамастан адамдар қауіпсіздік ережелерін сақтамайды", - дейді аудан әкімдігі.Естеріңізге сала кетейік, жақында ғана осы сарқырамаға ер адам 6 жастағы қызымен құлап кеткен болатын.
Ақмола облысында сарқырамаға тағы бір адам құлап кетті

Ақмола облысында сарқырамаға тағы бір адам құлап кетті
Оқиға 3 мамыр күні 15:00-де болған. Сарқырамаға құлап кеткен 45 жастағы ер адам түрлі дене жарақатымен Ақмола облыстық көпбейінді ауруханасына жеткізілді, деп хабарлайды egemen.kz