"Соңғы үш апта ішінде сырқаттанушылық динамикасы бір деңгейде сақталып отыр. Өткен аптада індет жұқтыру көрсеткішінің 2%-ға төмендегені байқалады, өлім-жітім көрсеткіші өткен апта деңгейінде сақталып отыр", - деп хабарлады Денсаулық сақтау министрі Үкімет отырысында.Бұған дейін министр эпидемиологиялық жағдайға сәйкес, 9 өңір - Нұр-сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары, Ақмола, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда және Павлодар облыстары қауіпті аймақта екенін хабарлаған еді.
Елімізде індет қарқыны бәсеңдегені байқалды

Елімізде індет қарқыны бәсеңдегені байқалды
Елімізде өткен аптада індет жұқтыру көрсеткішінің 2 пайызға төмендегені байқалды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.