"Мәңгілік Ел көшесі 82 мекенжайы бойынша мердігердің сапасыз материал орнатуына байланысты су құбыры құдығының жабын плитасының ішінара опырылуы орын алды. Авариялық бригада су құбыры құдығының жабынының бетон плитасын бөлшектеді. Сондай-ақ, шойын люгін орнатып, бетондады. Аталған мекенжай бойынша жөндеу-құрылыс бригадасы асфальт төсейтін болады", - деп хабарлады компания уақытша қолайсыздықтар үшін қала тұрғындарынан кешірім сұрай отырып.
“Мердігердің материалы сапасыз”. Елорда көшелерінің бірінде асфальт опырылып түсті

“Мердігердің материалы сапасыз”. Елорда көшелерінің бірінде асфальт опырылып түсті
Нұр-Сұлтанның сол жағалауында асфальт опырылып түсті, деп хабарлайды "ҚазАқпарат"ХАА.
Ақпаратты "Астана су арнасы" МКК растады.