332
Атырау облысында көлден 450 келі өлі балық жиналған
Атырау облысында көлден 450 келі өлі балық жиналған
Атырау қаласының маңындағы Безымянное көлінде уылдырық шашатын балықтарды құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл туралы inbusiness.kz хабарлады.
Жайық-Каспий аймақаралық бассейндік балық аулау инспекциясының мәлімдемесінше, Жайық өзені деңгейінің көтерілуіне байланысты уылдырық шашатын ұсақ тұқымдас балықтардың көп мөлшері Безымянное көліне түседі. Безымянное көлінде су таяз болғандықтан, балық жағаға шығып, қырыла бастайды.
«Кешеден бері комиссия жұмыс істеп жатыр, оның құрамына балық инспекциясы, «Балық шаруашылығы ғылыми-өндірістік орталығы» ЖШС-нің Атырау филиалы, облыстық балық шаруашылығы басқармасы және экология департаментінің өкілдері кірді. Кеше, 2 мамырда 470 кг өлі балық жиналып, акт жасалды. Үш тоннадан астам тірі балық жиналып, өзенге жіберілді », - деді Жайық-Каспий аймақаралық бассейндік балық аулау инспекциясының бастығы Нұрлыбек Гайсин.