2023 жылға қарай дәрігерлердің орташа жалақысы жарты миллион теңгеден аспақ

2023 жылға қарай дәрігерлердің орташа жалақысы жарты миллион теңгеден аспақ

2023 жылға қарай дәрігерлердің орташа жалақысы жарты миллион теңгеден аспақ
ашық дереккөзі
477
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой медицина саласындағы кадрларды көбейту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы айтты, деп хабарлайды "ҚазАқпарат".
"Халыққа сапалы медициналық көмек көрсету үшін денсаулық сақтаудың кадрлық ресурстары маңызды мәнге ие. Қазір еліміздегі дәрігерлердің саны 76 мың, оның 32 мыңы - бейінді мамандар. 2020 жылдың қорытындысы бойынша республикада дәрігерлік кадрлармен қамтамасыз ету 10 мың тұрғынға шаққанда 40,5 болды", - деді Алексей Цой есептік кездесуінде.
Сонымен қатар, 2020 жылы медициналық жоғары оқу орындары 2 171 түлек дайындады.
"Айта кету керек, ауылдық жерге жұмысқа келген жас мамандар әлеуметтік қолдау шараларымен қамтамасыз етіледі. 2020 жылдың қорытындысы бойынша 836 маманға көтерме жәрдемақы берілді, 235 адам тұрғын үймен қамтамасыз етілді, 73 дәрігерге өзге де әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілді", - деп атап өтті министр.
Оның айтуынша, медициналық ұйымдарды білікті кадрлық ресурстармен жабдықтау үшін мына іс-шаралар қарастырылған: - медицина қызметкерлерін даярлауға гранттар санын арттыру; - дәрігерлердің кәсіби жауапкершілігін сақтандыру жүйесін енгізу; - медицина қызметкерлерінің жалақысын кезең-кезеңмен, 2023 жылға қарай экономикадағы орташа жалақыдан екі жарым есе жоғары деңгейге дейін арттыру.
"2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап 247 мың медицина қызметкерінің жалақысы, оның ішінде дәрігерлердікі 30%-ға, орта медицина қызметкерлерінікі 20%-ға өсті. Осылайша, 2023 жылы дәрігерлердің орташа жалақысы шамамен 561 мың теңге, орта медициналық қызметкерлердің жалақысы 210 мың теңге болады", - деп қорытындылады Денсаулық сақтау министрі.

Серіктес жаңалықтары