"Екіжақты сауда және инвестициялық байланыстарды дамыту мақсатында Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль және теміржол өткізу пункттерінің қалыпты жұмыс режимін қалпына келтіруге, пандемиядан кейінгі кезеңде олардың өткізу қабілетін арттыруға бағытталған ұсыныстар айтты. Президент сондай-ақ азаматтар мен жүктердің тұрақты авиациялық тасымалдарын қайта бастауға болады деп есептейді",-деп хабарлайды баспасөз қызметі.Президент Қазақстанның жоғары деңгейдегі саяси байланыстарды нығайтуға, экономикалық қарым-қатынастарды кеңейтуге әзір екенін растады. ҚХР – Қазақстанның ең ірі сыртқы сауда серіктесі. 2020 жылы екі ел арасындағы тауар айналымы 15 миллиард долларға жетті.
Президент Қытай елшісімен әуе қатынасын қалпына келтіруді талқылады

Президент Қытай елшісімен әуе қатынасын қалпына келтіруді талқылады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХР Елшісі Чжан Сяомен екі ел арасындағы әуе қатынасын қалпына келтіру мүмкіндігін талқылады.