"Әлемде коронавирус жұқтырғандар мен қайтыс болғандар бойынша жағдай әлі де қиын. Әлемдік рейтингке сәйкес, 221 ел арасында Қазақстан ауру көрсеткіштері бойынша 108-орында тұр. Қайтыс болғандар көрсеткіші бойынша 107-орында. Қазақстанда қауіпті аймақта 10 өңір бар: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау және Павлодар облыстары", - дейді министр.
Алексей Цой елімізде індет жұқтыру көрсеткіші төмендегенін айтты

Алексей Цой елімізде індет жұқтыру көрсеткіші төмендегенін айтты
Елімізде коронавирус жұқтыру жағдайы қалыпқа келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Бұл туралы ҚР денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында мәлімдеді.
Министрдің айтуынша, наурыз айының соңы мен өткен аптада тіркелген көрсеткіштерді салыстырғанда елімізде коронавирус жұқтыру айтарлықтай төмендеді.