жексенбі, 20 сәуір, 2025

Мемлекет басшысы «Qazaq Republic» жобасының авторын қабылдады

/
Мемлекет басшысы «Qazaq Republic» жобасының авторын қабылдады
ашық дереккөзі
Мемлекет басшысы «Qazaq Republic» жобасының авторын қабылдады Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Qazaq Republic» брендінің дамуы, жаңа әзірлемелер мен жобалардың іске асырылуы жайында баяндалды. Бұл туралы akorda.kz хабарлады. Сәкен Жолдас Қасым-Жомарт Тоқаевқа отандық кәсіпкерлердің пандемия жағдайындағы жұмысы, бизнестің түйткілді мәселелерінің шешімі және мемлекеттік құрылымдар тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау туралы айтты. Сондай-ақ әңгімелесу барысында қазақстандық заманауи бірегейлікті қалыптастыру жөнінде ұсыныстар айтылды. Президент еліміздегі креативті индустрияны дамытуға мемлекет ерекше көңіл бөліп отырғанын атап өтті.
Бөлісу: