273
Елімізде күн райы күрт құбылады
Елімізде күн райы күрт құбылады
Синоптиктер 27-29 сәуірге ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды zakon.kz.
Атлантикалық циклонның алғашқы кезеңінде республика аумағында ауа температурасы 15-26 градусқа дейін, ал оңтүстік аймақтарда 28-36 градусқа дейін көтеріледі деп күтілуде.
Циклонның соңғы кезеңінде Солтүстік-Батыс антициклонның ауытқуымен Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа температурасы төмендейді. Оңтүстік өңірлерде күн күркіреп, жаңбыр жауады, - деп хабарлады ведомстводан.
Солтүстікте жауын-шашын жаңбыр мен қар түрінде түсуі мүмкін, бұршақ жаууы және қатты жел болуы да ықтимал.