1003
Бас прокуратура өлім жазасына қатысты заң жобасын әзірледі
Бас прокуратура өлім жазасына қатысты заң жобасын әзірледі
Бас прокуратура елімізде өлім жазасын алып тастауды қарастыратын заң жобасын әзірледі. Бұл туралы Бас Прокурордың бірінші орынбасары Берік Асылов мәлімдеді.
"Бас прокуратура өлім жазасы бойынша заң жобасының тұжырымдамасын әзірледі. Ол НҚА қоғамдық порталдарында талқыланды. Ақпан айында ведомствоаралық комиссия өтті, Үкімет тұжырымдаманы мақұлдады", — деді ол Сенаттың жалпы отырысында.
"Қазіргі уақытта Бас прокуратура заң жобасын әзірледі. Бұл заң жобасы қазір сараптамадан өтіп жатыр. Сараптама құқықтық, экономикалық, лингвистикалық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы. Сараптама қабылданғаннан кейін заң жобасы Үкіметке жіберіледі, содан кейін біз оны Парламентке ұсынамыз. Шамамен мамыр-маусым айларына жоспарлап отырмыз", — деді Асылов.