254
Алматы облысында жантүршігерлік апаттан екі адам қаза тапты
Алматы облысында жантүршігерлік апаттан екі адам қаза тапты
Алматы-Нұр-Сұлтан тас жолында үш көлік соқтығысып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды zakon.kz.
Алматы облысының полиция департаменті 2021 жылғы 21 сәуір күні сағат 18:20-да Алматы-Нұр-Cұлтан тас жолының 39 шақырымында жол-көлік оқиғасы болғанын хабарлайды.
"Мицубиси Ланцер" маркалы автокөлігінің жүргізушісі оңтүстік бағытта келе жатқан "Мерседес" маркалы автокөлігімен соқтығысқаны алдын ала белгілі болды. Содан кейін инерциядан "Мерседес" автомашинасы қарсы қозғалыс жолағына шығып, "Газель" маркалы автокөлігімен соқтығысқан.
"Мерседес" автокөлігінің 20 жастағы жүргізушісі мен "Мицубиси Ланцер" автокөлігінің 27 жастағы жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды, қалған екі жолаушы Қаскелең қаласының жақын маңдағы ауруханасына жеткізілді.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабының 4-бөлігіне сәйкес "Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.