712
Тәуелсіздік шежіресі: 22 сәуір күні қандай елеулі оқиғалар болды?
Тәуелсіздік шежіресі: 22 сәуір күні қандай елеулі оқиғалар болды?
1994 жылы Украинаның Қазақстандағы Елшілігі ашылды.
1997 жылы әкімшілік-аумақтық құрылымды оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Талдықорған және Торғай облыстары таратылды.
2008 жылы Мемлекет басшысы ҰҚШҰ мемлекеттері темір жолдарының бірыңғай жүйесін құру келісімін ратификациялау туралы заңға қол қойды.
2008 жылы Ұлттық академиялық кітапханада Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Тіл комитетінің қолдауымен жарық көрген «Саяси түсіндірме сөздіктің» тұсаукесері болып өтті. Төрт мың данамен басылып шыққан 616 беттік түсіндірме сөздікке екі мыңнан астам саясаттану, жаһандану, әлеуметтану, мәдениеттану салаларының терминдері мен анықтамалары енгізіліп, оларға ғылыми тұрғыдан түсініктеме берілген. Қазақ тілді орта және жоғары оқу орындарына, саясаттанушыларға, әлеуметтанушылар мен мәдениеттанушыларға арналған сөздікте сондай-ақ, әлемдік саясатта өзіндік мектеп қалыптастырған саясаттанушылар мен еліміздің саяси өміріне белсене араласқан тарихи тұлғалар да қамтылған.
2009 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.
2009 жылы БҰҰ-ның Білім, ғылым және мәдениет мәселелері жөніндегі ұйымы 32 серіктес ұйыммен бірлесе отырып, Әлемдік сандық нұсқадағы кітапхана ашты. Бұл кітапхананың қорын кез-келген оқырман пайдалана алады. www.wdl.org сайтында мәдениеттің бірегей туындыларымен, қолжазбалармен, карталармен, сирек кездесетін кітаптармен, фильмдермен, аудиожазбалармен және фотосуреттермен танысуға болады. Олардың ішінде ежелгі қытай мәтіндері, арабтың ғылыми трактаттары, 764 жылғы «Hyakumanto darani» жазбасы және басқа да мәдени құндылықтар бар. Әлемдік сандық нұсқадағы кітапхана ағылшын, араб, испан, қытай, португал, орыс және француз тілдерінде жұмыс істейді.
2010 жылы Елордадағы «Қазақстан» спорт сарайында «Қазақстан хоккейі» журналының тұсауы кесілді.
2010 жылы Алматыда Қазақстандық «BTIMES.KZ» іскерлік порталы - Орталық Азиядағы жаңа бірегей ұқсастығы жоқ ақпараттық бизнес-медиаресурстың тұсаукесері өтті. Оның негізгі мақсаты - қазақстандық компанияларға қозғалмалы дамуға жайлы жағдайлар жасау тиімді құралдар пайдалану арқылы елдегі және дүниежүзіндегі экономика, бизнес, даму үрдісі, беделді сарапшылардың пікірлері мен талдаулары жөніндегі уақытылы және сапалы ақпарат беру.
2012 жылы Женевада Қазақстанның БСҰ-на кіруі бойынша жұмыс тобының 11-отырысы өтті. АҚШ, Қытай, Бразилия, ЕО, Сауд Арабия, Түркия, Мексика, Пәкістан, Жапония, Швейцария, Үндістан, Аргентина және бірқатар өзге мемлекет Қазақстанның ДСҰ-ға қосылуын қолдады.