"Бізде мәжбүрлі вакцинация жоқ және болмайды да. Біз бұл туралы бірнеше рет айттық. Мұндай хабарламалар – жалған ақпарат", – деп хабарлады ведомстводан.Екпеден бас тартқаны немесе вакцина алуға мәжбүрлегені үшін айыппұл салу ҚР заңнамасына қайшы келеді. «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы Кодекстің» 77-бабына сәйкес Қазақстанның әрбір азаматы «емделуге және басқа да медициналық араласуларды, оның ішінде профилактикалық екпелерді жүргізуге хабардар етілген келісім беруге немесе олардан бас тартуға» құқылы.
Вакцина ектірмегендер жауапкершілікке тартыла ма? - Министрлік жауап берді

Вакцина ектірмегендер жауапкершілікке тартыла ма? - Министрлік жауап берді
Денсаулық сақтау министрлігі мәжбүрлі түрде вакцина алу және одан бас тартқандарға айыппұл салынатыны, жауапкершілікке тартылатыны туралы ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы inform.kz хабарлады.