ОҚО-да «Еңбек күні» мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті

ОҚО-да «Еңбек күні» мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті

ОҚО-да «Еңбек күні» мерекесіне арналған салтанатты жиын өтті
ашық дереккөзі
531

Оңтүстік Қазақстан облысы басшысы Б.Атамқұлов «Еңбек күні» мерекесіне арналған жұмысшылар мен еңбек династияларының облыстық форумына қатысты. Салтанатты жиында облыс әкімі барша еңбек қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, осы салада ұзақ жылдар тер төккен ардагерлер мен қызметкерлерді марапаттады. 

Бұл күні өз саласында талмай еңбек етіп, өз ісінің білгірі атанған 28 азаматқа «Еңбек ардагері», «Облысқа сіңірген еңбегі үшін» медалі және облыс әкімінің Грамотасы мен Алғыс хаты табысталды. Сондай-ақ, мерекелік жиында «Еңбек жолы» конкурсының жеңімпаздары да құрмет пен қошеметке бөленді. Айта кеткен жөн, биыл Еңбек мерекесін атап өту жыл бойына тойланып, облыста түрлі іс-шаралар мен конкурстар ұйымдастырылуда. 

Еске салайық, Елбасы Н.Назарбаевтың жарлығы бойынша елімізде қыркүйек айының соңғы жексенбісі – «Еңбек күні» мерекесі болып белгіленген. Осыған сәйкес, биыл аталған мейрам республикамызда үшінші рет аталып өтуде. Бүгінде облыста 9 Социалистік Еңбек Ері, 1 Қазақстанның Еңбек Ері тұрады.

Серіктес жаңалықтары