407
2017 жылы алкогольге акциз 45 пайызға өседі
2017 жылы алкогольге акциз 45 пайызға өседі
Астанада салық салудың өзекті мәселелеріне арналған конференцияда ҚР Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев мәлім етті. Министрліктің мәліметіне қарағанда, 2017-2019 жылдарға алкогольдік өнімге, сыра, темекіге акциздер мөлшерлемесін бекіту ескерілген.
«Алкогольдік өнімге мөлшерлемені арттырудамыз. Осы ретте 2017 жылы литріне 2 000 теңгеге дейін, яғни алдыңғы жылмен салыстырғанда өсім 45 пайыз. 2018 жылы - 2 275 теңге (өсім 14 пайыз), сондай-ақ 2019 жылы -2 550 теңге (өсім 4 пайыз)», - деді Қуандық Бишімбаев.
Айта кетейік, 2016 жылдан бастап акциз мөлшерлемесі 100 пайыздық спирттің литріне 1380 теңгеге тең. Оның сөзіне қарағанда, қосарланған салық салуға жол бермеу және алкогольдік өнімді экспорттау кезінде отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін күшейту мақсатында алкогольдік өнімді өндіру үшін пайдаланылатын немесе сатылатын этилдік спиртке акциздің нөлдік мөлшерлемесін бекіту ұсынылуда.