324
Коронавирустан көз жұму қаупі жоғары кәсіп иелері аталды
Коронавирустан көз жұму қаупі жоғары кәсіп иелері аталды
Калифорния университетінің Ғаламдық медициналық ғылымдар институтының ғалымдары коронавирустан көз жұму қаупі жоғары кәсіп иелерін атады, деп жазады "Российская газета".
Мамандардың айтуынша, дәрігерлерден кейінгі ең осал топ - азық-түлік кәсіпорындары мен ауыл шаруашылығы қызметкерлері. Өлім-жітімнің жалпы деңгейімен салыстырғанда, олардың арасында індеттен көз жұму көрсеткіші 39 пайызға өсті. Одан кейінгі орында көлік және логистика саласының қызметкерлері. Олардың арасында өлім-жітім көрсеткіші 28 пайызға өсті.
Үшінші топқа өндірістік кәсіпорындарда жұмыс істейтін қызметкерлер (27 пайыз), сондай-ақ өңдеу өнеркәсібінің мамандары кірді. Олардың арасында өлім деңгейі 23 пайызға өсті.
Ғалымдар бұл деректерге 2020 жылдың наурыз-қазан айларында Калифорниядағы COVID-2020 пациенттерінің сауалнамалық мәліметтерін талдау нәтижесінде қол жеткізді. Жалпы, осы кезеңде аймақ тұрғындарының арасында өлім-жітім 22 пайызға өскен.