Шымкенттегі модульдік аурухана құрылысынан да қаржы жымқырылған

Шымкенттегі модульдік аурухана құрылысынан да қаржы жымқырылған

Шымкенттегі модульдік аурухана құрылысынан да қаржы жымқырылған
ашық дереккөзі
646
Алматы мен Шымкент модульдік ауруханаларына жұмсалған қаржы тексеріліп жатыр. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі жемқорлыққа қарсы іс-қимыл 1-департаментінің басшысы Мұрат Ахметов мәлімдеді. «Модульдік ауруханалар бойынша агенттікте 2 іс бар. Тек Алматы емес, Шымкент қаласында да тергеу жүріп жатыр. Жүргізілген мемлекеттік аудит актілерінің нәтижесінде белгілі бір сома анықталып, оған сараптама тағайындалды. Олар аяқталғаннан кейін соңғы процессуалдық шешім қабылданады. Бұл сома бастапқы, тек анықталғаны ғана және сарапшылардың қарауында. Мемлекеттік сараптама жобалық-сметалық құжаттама бойынша жүргізіліп жатыр. Сондықтан тергеу нәтижесі бойынша нақты соманы сіздерге жеткізетін боламыз. Әр аурухананың құны - 5,5 млрд теңгеден», - деді ол агенттіктің алқа отырысы аясында БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында. Оның атап өтуінше, кінәлілер тергеу барысында анықталады. Ал күдіктілер алынған дәлелдер негізінде белгілі болады. Аурухана құрылысының құнын негізсіз көтеруге қатысты да сараптама жүргізіліп жатыр. Сараптамалар 1-2 айға созылады. «Шынайылық үшін тергеліп жатқан іс аясында аталған фактіге қатысушылардың барлығы тексеріледі»,- деді Мұрат Ахметов.  

Серіктес жаңалықтары