307
Қуат Хамитов сотта соңғы сөзін айтты
Қуат Хамитов сотта соңғы сөзін айтты
Аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитов сотта соңғы сөзін айтты.
«Құрметті сот, мен үшін ең маңызды мәселе шетелге шығуға мүмкіндігімнің болуы. Себебі мен елімнің намысын қорғап жүрмін. Жазам қандай болса да, көнемін. Тек шетелге шыға алсам болды. Менің алға қойған мақсатым көп»,- деді ол.
Сот үкімі бүгін 14:30 де болады. Қуат Хамитов ҚР ҚК 272 бабының 3-бөлімі бойынша (билік өкіліне бағынбауға шақыру, жаппай құқықбұзушылыққа тарту, арандату, азаматтарға күш қолдануға шақыру) қозғалған іс Алмалы аудандық сотында қаралып жатыр.