249
«Nur Otan»-ның Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесі азаматтарды онлайн қабылдайды
«Nur Otan»-ның Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесі азаматтарды онлайн қабылдайды
«Nur Otan» партиясының Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесі азаматтарды қабылдауды қайта бастайды. Карантиндік шараларға байланысты олар онлайн пішінде ұйымдастырылатын болады.
Атап айтқанда, 3 ақпанда – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев, 5 ақпанда – Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов, 19 ақпанда – Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев, 24 ақпанда – Ұлттық экономика министрі Әсет Ирғалиев, 25 ақпанда – Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов және 26 ақпанда – Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев азаматтарды қабылдайды.
Қабылдауға жазылу үшін төмендегі нөмірлерге хабарласу керек:
1. Call-орталық 8 800 080 4441 (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін);
2. Whatsapp 8700 800 4441
3. komek@nurotan.kz
Айта кету керек, өткен жылы «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдау бөлмесіне бүкіл ел бойынша 393,2 мыңнан астам өтініш келіп түсті, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 2 есе көп.
Бұл ретте соңғы 5 жылда партияға 1,2 млн адам жүгінді, оның ішінде 423 мыңнан астамы – онлайн-форматта. Олардың 92% оң шешімін тапты, тегін консультативтік, құқықтық және өзге де көмек көрсетілді.
Талдау көрсеткендей, халықты негізінен әлеуметтік қамсыздандыру – 30%, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – 16%, тұрғын үймен қамтамасыз ету – 15%, еңбек даулары – 14%, құрылыс – 9%, білім беру – 9%, медициналық қызмет көрсету – 7% мәселелері алаңдатты.