Пикетті ұйымдастырушылардың бірі, "Шындық үшін" қозғалысының мүшесі Ырыскан Зулпукарованың "Азаттыкқа" хабарлауынша, пикетке жиналғандар медицина саласында люстрация жүргізілуін талап етті.
"Біз медицина саласын халық сүйетін адамдар басқарғанын қалаймыз. Халықтан коронавирусты емдеудің үшінші хаттамасын жасырған басшылары қара тізімге қосылсын. Олардың арасында Каратаев және басқалары бар", - деді Зулпукарова.
Ресми мәлімет бойынша, пандемия басталғалы Қырғызстанда 1 401 адам коронавирустан қайтыс болды. Алайда жақында үкіметаралық комиссия қайтыс болғандар одан бірнеше есе көп болуы мүмкін екенін хабарлады. Вице-премьер-министр Эльвира Сурабалдиеваның мәлімдеуінше, бұл көрсеткіш төрт мыңнан асуы мүмкін.
429
Коронавирустан қайтыс болған науқастардың туыстары наразылыққа шықты
Коронавирустан қайтыс болған науқастардың туыстары наразылыққа шықты
Бүгін Бішкекте коронавирустан қайтыс болғандардың туыстары Денсаулық сақтау министрлігінің ғимараты алдында пикет ұйымдастырды.
Наразы топ бас пульмонолог Талантбек Сооронбаев пен министрдің орынбасары Мадамин Каратаевтың қызметтен кетуін талап етті, деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.