Трамп өз партиясын құру туралы жоспарынан бас тартты

Трамп өз партиясын құру туралы жоспарынан бас тартты

Трамп өз партиясын құру туралы жоспарынан бас тартты
ашық дереккөзі
282
АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп елдегі демократтармен және республикашылармен бәсекелес болатын үшінші ірі саяси партия құру туралы ойынан бас тартты. Бұл туралы Fox News экс-президенттің сайлауалды штабының кеңесшісі Джейсон Миллерге сілтеме жасап хабарлады. Миллер Трамптың жаңа партия құру мүмкіндігі туралы қауесеттерге түсінік бере отырып, Ақ үйдің бұрынғы басшысының басты мақсаты республикашыларға 2022 жылы Сенат пен АҚШ Конгресінің өкілдер палатасын қайтару екенін атап өтті. Джейсон Миллердің сөзінше, Трамп командасы осы мақсатқа күш жұмылдырудан басқа ештеңе жоспарламаған. Өз кезегінде New York Times газетінің тілшісі Мэгги Хэберман Twitter-де Трампты партия құру ойынан әлдекімдер "айнытты" деп жазды. The Wall Street Journal газеті және басқа да бірқатар бұқаралық ақпарат құралдары бұған дейін АҚШ-тың экс-президенті соңғы күндері жаңа саяси партия құру мүмкіндігін өз пікірлестерімен талқылағанын айтқан еді. Болжам бойынша, ол жаңа бірлестікті Патриоттық партия деп атағысы келген.  

Серіктес жаңалықтары