333
Масканың орнына респиратор: Қорғаныс құралдарын пайдалану талаптары күшейтілді
Масканың орнына респиратор: Қорғаныс құралдарын пайдалану талаптары күшейтілді
25 қаңтардан бастап Австрия тұрғындары дүкендерде немесе қоғамдық көліктерде маскалардың орнына жоғары дәрежелі FFP2 қорғаныс респираторларын қолдануға міндеттелді. Бұл жаңалықты Австрия канцлері Себастьян Курц жариялады, деп жазады Lenta.ru.
Австрияның Денсаулық сақтау министрі Рудольф Аншобер үкіметтің бұл шешіміне түсініктеме берді. Оның айтуынша, респиратор сенімді қорғайды, бірақ оның құны қарапайым маскаларға қарағанда едәуір жоғары болғандықтан, барлық маскалар өзіндік құны бойынша сатылады. Сонымен қатар, кедей адамдарға қорғаныс құралдары тегін үлестіріледі. Респиратордың бағасы шамамен бір евро болады.
Бұдан бұрын Бавария тұрғындары маскалардың орнына FFP2 респираторларын тағу міндеттелгені хабарланған болатын. Мұндай шешім коронавирустың жаңа мутациясының таралуы аясында қабылданды.