Atajurt-тың ағайынға берері мол...

Atajurt-тың ағайынға берері мол...

Atajurt-тың ағайынға берері мол...
ашық дереккөзі
273
Өткен күнде белгі бар, келер күннен үміт көп. Тарих тегершігі зымырап, тағы бір айналым жасады. Кезекті белесті артта қалдырды. Тышқан жылының тауқыметі мен тартуларына шүкіршілік етіп, шығарып салмақпыз. Әйткенмен, 2020 жыл әлем үшін, қазақ елі үшін де оңай жыл болған жоқ. Жаһанға жайылған індет адамзат санасына өшпес із қалдырды. Алайда айшықты да мерейлі кезең – Тәуелсіздіктің 30 жылына қадам басып отырмыз. Алдағы 2021 жылы қандастардың да атажұртқа көшіп келе бастағанына 30 жыл толады. Осы уақыт аралығында 1 миллионнан астам қандасымыз елге оралыпты. Осыған орай, халықаралық Túrkіstan апталығы жыл басынан бері қандастарға арналған Atajurt атты ауқымды жобаны бастаған болатын. Ендеше тышқан жылының сабақтарын саралап, бізге тартқан сыбағасын таразыға салып көрелік. Atajurt жобасына1 жыл Бұл жобаның маңызын ес­ке­ріп, қолдау білдірген «Nur Otan» пар­тиясы, Дүниежүзі қазақ­тары­ның қауымдастығы және «Отан­дас­тар қоры» екенін айта кеткен жөн. Жоба аясында қандастар көп ш­о­ғыр­ланған Ақмола, Қарағанды, Қос­танай, Солтүстік Қазақстан, Шы­ғыс Қазақстан, Атырау және Маң­ғыстау облыстарына арнайы іс­сапармен барып, олардың өзекті мә­селерін көтердік. Еліміздің түк­пір-түкпірін аралап жүріп, қан­дас­тардың тыныс-тіршілігімен та­ны­сып, олар жайлы материалдар газет бе­тінде, сайтымызда үзбей жария­ланып тұрды. Жыл бойы газет, сайт және YouTube арнасын қосқанда 100-ге жуық материал жарық көрді. 20-ға тарта салмақты сараптамалық мақала, 30-дан астам бейнерепор­таж және басқа да әртүрлі форматта контенттер ұсынылды. Елге оралған 1 миллионнан ас­там ағайын қоғамның әр са­ласында өздерінің білім-білігі мен жиған тәжірибесінің негізінде ең­бек етуде. Тарихи Отанына оралған қан­дастардың қоғамдық ортаға бейімделіп кетуі үшін біраз уақыт ке­рек. Сонымен қатар құжаттан­дыру мен қоныстану барысында жолығатын әкімшілік кедергілер де аз емес. Жоба барысында қандастар өмі­рінде кездесетін кедергілермен қа­тар олардың әр саладағы жетіс­тіктері де назардан тыс қалмады. Шетелден алғаш келген ағайын Қазақстандағы қоғамдық өмірге сіңісе алмай тосырқап қалуы, құ­жаттандыру мәселесі, жеке кәсіппен ай­налысқысы келетіндерге кез бо­латын кеңселік кедергілер де жа­зылды. Шешімін тауып қуантты  Баспасөз қандай да бір ме­ке­меге тапсырма беруге немесе міндет жүктеуге құзыретті емес, әри­не. Десек те, біраз кейіп­кері­міз­дің мәселесінің оң шешім табуына әсер еткеніміз рас. Атап айтқанда, Қы­тай елінен келіп, оралман куә­лігімен қарапайым жұмыс істеп жүр­ген қандасымыз Айқын Белиян­хан жалақысын ала алмай жүргенін жазған едік. Бұл мәселенің тез арада шешілуіне газеттің пәрменділігі ық­пал етті десек те болады.  Қан­да­сы­мыз Айқын ала алмай жүрген жа­лақысын алды, ықтиярхат алды жә­не өзіне лайықты жұмысқа да ор­наласқан еді. Сол секілді Моңғолиядан кө­шіп келген жалғызбасты ана Бақытгүл Ғибадатқызының тубер­кулез ауруының асқынған түрімен нау­қастанғаны, тұрмыстық жағ­дайы­ның төмен екені және әлеу­мет­тік жәрдемақы ала алмай жүр­гені газет бетіне жарияланған соң, тиісті орындарға хат жаздық. Қан­дасымыз Бақытгүл Ғибадатқы­зы­ның да мәселесі оң шешімін тапты. Ол мүгедектерге арналған әлеумет­тік жәрдемақыны алуға болатын анық­тамасын алды. Газетіміз бастап қо­ғамдық мәселе көтеруінің нәти­жесінде кәсіпкер азаматтардың де­меушілігімен екі бөлмелі үйге ие бол­ды. Осыдан кейін қандасымыз ар­найы хат жазып, редакцияға ал­ғыс айтты. Сонымен қатар Қытайдан кө­шіп келген қандасымыз, Қазақстан азаматы Қарақат Әбдеш күйеуі мен оның әкесі және екі інісі Қытайда жа­зықсыз сотталып, отбасы екіге бөлінгенін айтып берген еді. Өзі туыс­тарына бара алмайды екен, бір рет барғанда екі жыл үйқамақта ұстаған. Өте қиын жағдай, әрине. Жағ­дайды бүге-шігесіне дейін баян­дап, газетке  жарияладық. Ізінше халықаралық конвенцияларға сүйене отырып, екіге бөлінген от­басын қосуға ықпал жасауын сұрап, елі­міздің Сыртқы істер ми­нистр­лігіне хат жолдаған едік. Жақында хатқа жауап алдық, онда бұл мәселе бойынша Қазақстан Сыртқы істер министрлігі Қытай елшілігіне нота жолдап, екіжақты кездесуде көте­ретінін мәлімдеді. Сол сияқты астана іргесінде не­гі­зінен қандастарымыз қоныс­тан­ған Нұрбесік деп аталатын шағын елді мекен бар. Шетелден қоныс ау­дарған қандастарымыздың сол жер­де тұрып жатқандарына он шақ­ты жыл болса да, әлі күнге дейін үй-жайларын заңдастыратын құ­жаты жоқ. Әрі елді мекенге бірде-бір коммуникация тартылмаған. Бұл мәселе бойынша бірнеше рет елді мекен тұрғындарымен кез­десіп, видеорепортаж жасап, газетке мақала жарияладық. Әрі құзырлы мекемелерге сұрақты төтесінен қойып, хат жолдадық. – Нұрбесік ауылындағы азамат­тар­дың жер құжаттарын алуға бай­ланысты мәселесін алғаш болып көтерген осы Túrkіstan газеті. Оның әсері болғанын айта аламын. Өйт­кені осы мәселе көтерілгеннен кейін қаланың әкімі ауылға келді. Ха­лықпен жүздесті. Қордаланған мәселелерді шешуге атсалысамын деді. Осының әсерінен қазір Нұр­бесікте жол салынды. Газ жүйесі тар­тылып, жарық мәселесі шешілді. Су тартылып жатыр, – дейді «Асар» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Қайрат Бодаухан. Сондай-ақ Павлодар облысын­да шетелден келген қазақтардың ең бірінші ЖСН алу мәселесі қиын еке­ні жазылды. Бұл мәселенің де түйіні шешілді. Қазір қандастар еш кедергісіз ЖСН ала алатын болды. Тізе берсек, мұндай мысалдар өте көп-ақ... Atajurt жобасы: этникалық қазақтар  Шетелдегі қазақтарды елге ша­қыру, елге келген қандастардың та­рихи Отанына кірігіп кетуі жо­лында кешенді істер атқару – маңыз­ды бағыттардың бірі. «Елге ел қо­сылса құт» деп бекер айтпағаны бел­гілі. Шеттен көшіп келген, көшіп кел­гісі келетін ағайынды сыйғызуға қа­зақ жерінің әлеуеті жетеді. Де­ген­мен қандастардың алдынан шығар көп­теген кедергілер бар. Әуелі қан­дастарды бейімдеу жұмыстары жүйе­лі жүруі қажет. Содан соң кел­ген ағайынның көбінің айтатыны құжаттандыру мәселесінің ұзаққа созылатыны, кеңселік кедергінің көптігі. Үшінші мәселе, жеке кәсіп­пен айналысқысы келетін қандас­тар тағы да әкімшілік кедергілерге тап болады. Мәселен, мал шаруа­шы­лығымен айналысқысы келген қан­дасымызға мал ұстауға ыңғайлы жер берілмейді. Оны реттейтін жер­гілікті әкімшіліктегі жұмыстың деңгейі әртүрлі. Біз осындай және тағы басқа күрделі мәселелермен қатар қандастардың елге келіп сіңір­ген еңбегін, атқарған қызметін көрсетуге тырыстық. Atajurt жобасы не­гізінен елге көшіп келген қандас­тарға арналғанымен, шеттегі ағайын­ның тыныс-тіршілігі де біз­дің назарымыздан тыс қалған емес. Қанды ойнатқан қандастар әні Шетелден көшіп келген небір та­лантты қыз-жігіттерді газет ар­қы­лы насихаттап, олардың өз ор­нын табуына, лайықты жұмысқа ор­наласуына әсер еткен кездеріміз де болды. Бұл ретте есімі алты Алаш­­­қа белгілі жазушы, ком­по­зитор, өнер зерттеушісі, Қазақстан және Қырғыз Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қайраткері Ілия Жақанов ағамыз шетелдегі қазақ диас­пора­сы­ның музыка мұра­сы жайлы кө­лем­ді сұхбат бер­ді. Одан бөлек, ән­ші, қобызшы Қыдырбек Қиысхан, әнші Қадыхан Манайұлы, әнші Өзгеріс Шерікбай т.б. өнерпаздар­мен шетелдегі қазақ­тардың мә­де­ниеті жайлы жарияланған сұх­бат­тар оқырман қауымға қызықты бол­ғаны сөзсіз. Әлем қазақтарымен жүздесу «Отандастар қоры», Дүниежүзі қа­зақтарының қауымдастығы және Тúrkistan халықаралық газеті бір­ле­се отырып, алыс-жақын шетел­дер­де тұратын қандастармен «Túrkіstan қандастарға төрін ұсынады» атты жүз­десуі өтті. Zoom платфор­ма­сын­да өткен шараға Қазақстан Сыртқы іс­тер министрлігі Консулдық қыз­мет департаменті қазақ диас­по­расы­мен жұмыс істеу басқармасы, Ақ­парат және қоғамдық даму ми­нистрлігінің Этносаралық қа­ты­нас­тарды дамыту комитеті, «Отан­дас­тар қоры», Дүниежүзі қазақтары­ның қауымдастығы және әлемнің 30-ға жуық елінен қандастарымыз қа­тысты. Онлайн жүздесу бары­сын­да алыстағы ағайынмен рухани-мәдени һәм ақпараттық байланыс ор­нату мәселесі талқыланып, Тúrkistan газетінің қандастарға ар­налған Atajurt жобасы танысты­рыл­ды. Сонымен қатар шетелдегі мә­дени орталықтардың жетекшілері де өз ұсыныс, пікірлерін және ата­жұртқа деген сағынышын жеткіз-ген еді. Заңға келіп тірелді Қазақстан – өзінің қандастарын тарихи Отанына шақырып отырған әлем­дегі санаулы елдің бірі. Әрі бұл саясат алдағы уақытта да жалғасын та­батыны анық. Сол сияқты қан­дастарға арналған жобамызды біз де әрі қарай жалғастырсақ деген ниет­теміз. Қазір мемлекет шетел­дегі қазақ жастарына білім грантын бөліп, олардың ертерек елге келіп ма­мандық иеленуіне, әрі қарай та­рихи Отанында қалуына жағдай жасап отыр. Бұл шетелдегі қазақты елге шақырудың ең тиімді жолы. Сол үшін де біз елге келген ағайын­ның өзекті мәселесін көтеріп, олар­дың осы қоғамның толыққанды мү­шесі ретінде қалыптасуына ақ­параттық қолдау көрсеттік деуге де болады. Алайда қандастар арасында ше­ші­мін таппаған мәселелер әлі де көп. Себебі көп жағдай қолданыс­та­ғы Көші-қон заңының кейбір сол­қылдақ тұстарына келіп тіре­леді. Көбіне азаматтар құзырлы ме­ке­мелерге бара-бара, ақыры мә­се­лесі шешімін таппаған соң ақпарат құ­ралдарына жүгініп жатады. Мұн­дай жағдайда үміт артып келген соң бар­лық азаматтардың мәселесіне бейжай қарамай, әрқайсысына ықыласпен көңіл бөлуге тырыстық. Әрине, заң жүзінде қандай мүм­кін­діктер бар, бәрін пайдалануға болар еді. Алайда кейбір мәселелердің ше­шілуіне заңның өзі кедергі ту­дырады. Осындай көші-қон са­ла­сының кедергілерін шешуге алдағы жаңадан сайланбақ Парламент депу­таттары ұсынысымызды қабыл алып, үнемі назарда ұстайды деп се­неміз. Atajurt жобасы өз жұмысын бас­тағалы алыс-жуықтағы ағайынның ал­ғы­сын да алды. Дүниежүзі қазақ­тарының қауымдастығы мен «Отан­дастар қоры» қандастар та­қырыбын тұрақты жазып, олардың мә­селесінің шешімін табуына ық­пал еткеніміз үшін алғыс­хат­тары­мен марапатталғанын айта кету артық болмас. Жоба алдағы жылда жалғаса бермек. Ширек ғасыр  та­рихы бар басылым әрқашан қазақ көшімен бірге!

Серіктес жаңалықтары