Жарыста мойын омыртқасын сындырған спортшының қазіргі жағдайы белгілі болды

/
Жарыста мойын омыртқасын сындырған спортшының қазіргі жағдайы белгілі болды
istockphoto.com

Жасөспірім спортшы ауруханаға ауыр халде түскен. Осы орайда Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасынан жасөспірімнің қазіргі жағдайын сұраған едік, деп хабарлайды turkystan.kz.

«2010 жылғы жасөспірім санитарлық авиациямен шұғыл Астана қаласындағы № 2 көпсалалы қалалық балалар ауруханасына жеткізілді. Науқас қабылданған сәттен бастап бірден Денсаулық сақтау министрлігінің бас балалар нейрохирургінің қатысуымен консилиум өткізілді», — деген хабар алдық басқарманың баспасөз қызметінен.

Ақпаратта айтылғандай, жасөспірімге қысқа мерзімде қарқынды терапия жасалған. 

«Қазір пациент анестезиология, реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде ем алып жатыр», — дейді ведомстводан.

Айта кетсек, кеше Ақмола облысында 15 жастағы спортшы жарыста мойын омыртқасын сындырып, ауыр халде ауруханаға түскені туралы жазған едік. 

Ақмолалық дәрігерлер жас спортшының жағдайын ауыр деп бағалап отыр. Бала санитарлық авиация көмегімен Астанаға жеткізілді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары