Алматыда бойжеткенге тиіскен жігітті іздестіріліп жатыр

/
Алматыда бойжеткенге тиіскен жігітті іздестіріліп жатыр
скриншот

Алматыда белгісіз ер адам бойжеткеннің артынан аңдып, кейін оның жыныс мүшесін ұстаған. Қыз жұртшылықтан осы адамды тауып, жазаға тартуға көмектесуін сұрады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға Түрксіб ауданында күндіз болған.

«8 қыркүйекте маған азғындық жасалды. Ол азғын менің артымнан келе жатып, кейін есікке жақындағанымда итеріп, интимді жерімнен ұстады. Егер сіздер оны танысаңыздар, хабарлауыңызды өтінемін. Осы видеоны өзіңізді ғана емес, туыстарыңызды да қорғау үшін таратуларыңызды сұраймын. Бұл менің артымнан аңдыған есалаң. Мен оны тауып, жазасын беремін», – деп жазылған хабарламада.

Полиция департаменті бұл факт бойынша тексеру Түрксіб ауданының полиция басқармасы жүргізіп жатқанын хабарлады.

«Фигурант пен объективті мән-жайлар анықталып, заңнамаға сәйкес шаралар қабылданады», – деп атап өтті ведомство.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары