Астана мен Алматыда найзағай ойнап, жаңбыр жауады

/
Астана мен Алматыда найзағай ойнап, жаңбыр жауады
istockphoto.com

Қазгидромет Астана мен Алматы қалаларына 10 қыркүйекке арналған ауа-райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Астанада ауыспалы бұлтты, кей жерлерде жаңбыр, найзағай күтіледі. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с. Ауа температурасы түнде +10…+12°С, күндіз +16…+18°С болады.

Алматыда да ауыспалы бұлтты, кей уақытта жаңбыр, найзағай болжанады. Желдің жылдамдығы 3-8 м/с, кей жерлерде екпіні 15 м/с-қа дейін жетуі мүмкін. Ауа температурасы түнде +15…+17°С, күндіз +27…+29°С шамасында.

Бұған дейін Қазгидромет 9 қыркүйекке арналған Қазақстан бойынша ауа райы болжамын жариялаған болатын.

Елімізде қатты жауын-шашын мен күрт салқындау күтіледі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары