Баласы емге мұқтаж аналар оңалту орталықтарының жоқтығына наразы

ADAL  партиясынан депутаттыққа үміткер Ақмарал Бекмұрзаева ҮЕҰ жетекшілері және ата-аналармен онлайн кездесу өткізді.

Кездесу барысында емге мұқтаж балаларды әлеуметтік қорғау шарттары мен медициналық көмектің сапасы талқыланды. Осы мәселелер тұрғысынан нормативтік-құқықтық базаны жетілдіру бойынша ұсыныстар да қаралды. ҮЕҰ өкілдері мен ата-аналар балаларды оңалту мәселесіне шағымданды.

«Аймақтық миссиялар кезінде партияға осы проблема туралы көптеген хабарлама келіп түсті. Көптеген аймақта оңалту орталықтары жоқ, сондықтан балалар қажет көмекті  алмайды», – деді Ақмарал Бекмырзаева.

Кездесуге қатысушылар мәселенің өзектілігін растады. Сондай-ақ олар дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігі, медициналық қызмет көрсету проблемалары және ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған дене шынықтыру орталықтарының жоқ екенін атап өтті. Тағы бір маңызды мәселе – аналар үшін психологиялық көмектің болмауы.

«Босанған анаға перзентханада психологиялық көмек көрсетілуі керек. Психолог әйелді қолдауы, оны бала тәрбиелеуге дайындауы тиіс», – деп атап өтті Ақмарал Бекмұрзаева.

qqq

«Бізге тегін ештеңе қажет емес. Мемлекет тарапынан көрсетілетін көмек уақтылы және шынымен сапалы болуын сұраймыз», – деді жиынға қатысушы.

Ақмарал Бекмұрзаева ADAL партиясы бұл мәселелерді қараусыз қалдырмайды және бұл проблемалардың нақты шешімін әзірлейді деп сендірді.

 

Back to top button