Nur Otan партиясының Бөкей ордасы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Мейрамбек Аққалиев бастаған сайлауалды штаб пен облыстық, аудандық мәлихатқа үміткерлер үгіт-насихат жұмыстарын Бөрлі, Саралжын және Ұялы ауылдық округтерінде жалғастырды.
Ауылдағы ағайынмен кездесу барысында үміткерлер өздерінің сайлауалды бағдарламаларымен таныстырды. Nur Otan партиясының жеті басым бағыты бойынша жұмыс істейтінін айтып, бірқатар мәселелерге тоқталып өтті. Nur Otan партиясының жобаларына да тоқталып, «Ардагерлерді ардақтайық», «Бақытты отбасы», «Кедергісіз келешек», «Құтты мекен» т.б. партиялық жобаларының әрі қарай жалғасатындығын, партия халықтың әлеуметтік жағдайын басты назарда ұстайтынын жеткізді. Партияның халықтың әл-ауқатын жақсартуға және ел экономикасын нығайтуда қолға алған жұмыстары мен міндеттері туралы кеңінен әңгімелеп берді.
Тапсырыс беруші: Аққалиев Мейрамбек Сағынғалиұлы. Nur Otan партиясының Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданының Cайлау қоры қаражатының есебінен төленді.