Бөкейордалықтар партияның үздік жобаларының жалғасатынына ризашылығын білдірді

Бөкейордалықтар партияның үздік жобаларының жалғасатынына ризашылығын білдірді

Бөкейордалықтар партияның үздік жобаларының жалғасатынына ризашылығын білдірді
ашық дереккөзі
Бөкей ордасы ауданында сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары қарқын алды. Облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Исатай Ғабдуллин «Есіктен есікке» акциясын Бөрлі ауылдық округінде жалғастырды. Бұл іс-шарада Исатай Есетұлы аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Айбарша Бейсовамен бірге үй-үйді аралап, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Ауылдағы ағайынмен кездесу барысында үміткерлер өздерінің сайлауалды бағдарламаларын таныстырып, аға буынның айтарына құлақ түрді. Үміткерлер Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламада қарастырылған жеті басым бағыт бойынша жұмыс жасайтынын айтып, бірқатар мәселелерге тоқталып өтті. Nur Otan партиясының жобаларына да тоқталып «Ардагерлерді ардақтайық», «Бақытты отбасы», «Кедергісіз келешек», «Құтты мекен» т.б. партиялық жобалардың әрі қарай жалғасатындығын, партия халықтың әлеуметтік жағдайын басты назарда ұстайтынын жеткізді. Партияның халықтың әл-ауқатын жақсартуға және ел экономикасын нығайтуда қолға алған жұмыстары мен міндеттері туралы кеңінен әңгімелеп берді. Аудан тірлігіне қатысты жол және көлік инфрақұрылымын, тұрғын үй-коммуналдық саласын жаңғыртуға, сондай-ақ қолайлы экологиялық жағдайды сақтауға бағытталған «Жұмыспен қамтудың жол картасы», «Ауыл-ел бесігі» жобаларының алдағы күндері де жалғасатыны ауыл халқын ерекше қуантты. Бұл турасында ауылдың аға буын өкілдері оң пікірлерін білдірді. – Жақсы істеріміз жалғасты болсын! Сайлау сәтті өтсін!  Індетті де, індетке қатысты туындаған қиындықтың бәрін еңсеріп, берекеміз арта берсін. Бар қиындық осы жылмен қалсын. Біздің бар тілегіміз осы, – деді еңбек ардагерлері.

Тапсырыс беруші: Аққалиев Мейрамбек Сағынғалиұлы. "Nur Otan" партиясының Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданының Сайлау қоры қаражатының есебінен төленді.