Ақтөбеде жыл сайын 9 мың адамға жаңа жұмыс орны ашылады

Ақтөбеде жыл сайын 9 мың адамға жаңа жұмыс орны ашылады

Ақтөбеде жыл сайын 9 мың адамға жаңа жұмыс орны ашылады
ашық дереккөзі
Бұл туралы Ақтөбе қалалық мәслихат депутаттығына үміткер Райса Байлиева танымал тұлғалармен кездесу барысында айтты. Оларға үгіт-насихат парақшаларын таратып, сайлауалды бағдарламаның басымдылықтарын түсіндірді.
Ақтөбе облыстық зағиптар және нашар көретін азаматтардың арнаулы кітапханасының директоры Гүлстан Хамзина мен  Ғ.Жұбанов атындағы Ақтөбе облыстық филармониясы камералық оркестрінің көркемдік жетекшісі және дирижері Әли Ермекбаев алдағы сайлауда Nur Otan партиясын қолдайтындарын жеткізді. Партияның қалалық филиалының сайлауалды бағдарламасын түсіндірген Райса Байлиева алдағы бес жылды көптеген жаңа жұмыс орындары ашылып, адамдардың көбі жұмысқа орналасатынын айтып өтті. Ақтөбе – Nur Otan партиясы елдің дамуы үшін қашан да қолайлы жағдай жасайды. Алдағы сайлауда бес жылдық бағдарламаны ұсынып отыр. Оның негізгі жеті басымдылығы бар. Өнер, мәдениет, спорт, білім, медицина, экономика, қауіпсіз қала деп бірнеше бағытқа бөлген. Яғни, аталған салада тың өзгерістер болып, жаңа дүниелер атқарылатын болады. Қаламызда енді жыл сайын жаңа жұмыс орындары құрылады. Нәтижесінде жыл сайын тоғыз мың адам жұмысқа орналасуға мүмкіндік алады. Енді жыл сайын 6 мың жаңа жұмыс орны құрылады. Оның ішінде 18 ірі инвестициялық жобаны іске асыру жоспары тұр. Ауыл шаруашылығы және тамақ өнімдерін өндіру саласында кемінде 9 жоба іске асады. Түрлі жәрмеңкелер өткізуге мүмкіндік аламыз. Кәсіпкерлерге кәсіп бастауға, жастарымызға үй алуға көптеген мүмкіндік бар. Nur Otan партиясы барлық салаға қолдау білдіреді, – деді ол. Белгілі тұлға, дрижер Әли Ермекбаев қандай сәтте де Nur Otan партиясына дауыс беріп, қолдауға дайын екенін айтты. Партия еліміздің азаматтары үшін барлық жағдайды жасап жатқанына келісіп отыр. Кітапхана директоры Гүлстан Хамзина мен оның ұжымы да алдағы сайлауға сәттілік тілеп, жанашыр жандар тарапынан болуға уәделерін берді.

Nur Otan партиясы Ақтөбе облысы Ақтөбе  қаласының Сайлау қорының қаражатынан төленді.