Қазақстандықтардың интернеттегі алаяқтар арбауына түсіп қалу қаупі бар

Қазақстандықтардың интернеттегі алаяқтар арбауына түсіп қалу қаупі бар

Қазақстандықтардың интернеттегі алаяқтар арбауына түсіп қалу қаупі бар
ашық дереккөзі
240
Ақпараттық технология дамыған сайын білімді алаяқтар да көбеюде. Олар фишингтік сайттар арқылы адамдарды арбап, интернеттегі жеке деректерін ұрлайды. Оның соңы кейде түрлі қиындықтарға ұшыратуы мүмкін. Сондай жалған еліктірудің бірі қазір әлеуметтік желілер арқылы қазақстандықтар бір-біріне таратып жатқан «Amazon компаниясы жүргізіп жатқан ойынның» сілтемесі. Сайттың жазуынша, бағалы сыйлықтар ұтысы туралы жаңалықтың астында жағымды пікірлер көп жазылған. Олардың бәрі әрине, фейк. «Қатысушылар арасында қымбат гаджеттер, ұялы телефондар мен компьютерлік техника ұтысы өтізіледі. Алайда ойынның сілтемесі фишингтік сайтқа апарады», – деп хабарлайды 24.kz сайты stopfake.kz-ке сілтеме жасап. Адамдар whatsapp секілді желілер арқылы тарап жатқан сілтеме арқылы көрсетілген сайтқа кіруге тырысқанда автоматты түрде фишинг туралы ескертіліп, сервермен байланыс қорғалмағаны көрсетіледі. Бұл қазіргі жаңартылған браузерлердің сақтандыруы. Байқамай кіріп кеткендер алаяқтардың құрған торына түсіп қалу мүмкін, яғни, алаяқтар сайтқа кірушілердің жеке деректерін – жеке аккаунттардың логиндері мен парольдерін, төлем карталары мен банктік шоттар туралы ақпаратты ұрлайды. Олар тіпті адамдардың компьютері мен мобильді құылғыларына да кіре алады. Сондықтан банктердің, танымал тұлғалардың, ірі брендтердің атынан жасалатын ондай «оңай олжаларға» қызықпас бұрын ақшалай және заттай ұтыс тігілетін ойындар туралы мәліметтерді тексеріп көру керек.

Серіктес жаңалықтары